28.03.2026 03:09
Испания Сербияны сенімді жеңді
28.03.2026 03:09
Халықаралық жолдастық кездесу аясында Испания өз алаңында Сербияның осал тұсын тапты

Вильярреалдағы «Керамика» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Микель Оярсабаль 16 және 43-минутта гол соғып, дубль жасады. Сондай-ақ 72-минутта Виктор Муньос ойынға нүкте қойды.
«Қызыл фурия» келесі кездесуін 31 наурыз күні Египетке қарсы өткізеді.