28.03.2026 16:02
Фоден «Манчестер Ситиден» кетуге дайын
28.03.2026 16:02
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Фил Фоден клубтан кетуді жоспарлап отыр

Football Insider хабарлауынша, Филип «Манчестер Ситиде» аз ойнайтынына наразы. 25 жастағы англиялық ойыншы клубпен жаңа келісімшарт жөнінде келісімге келе алмаса, «қалалықтар» сапынан кетуге дайын екен. Фоден кез-келген ұсынысты қарастырып көрмек. Ал клуб одан айырылып қалғысы келмейді.
Фоден – «Манчестер Сити» түлегі. Ол осы маусымда 41 матчта 10 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.