29.03.2026 01:20

Винисиус жарақат алды

29.03.2026 01:20

«Реал» мен Бразилия құрамасының вингері Винисиус Жуниор жарақат алды

Globo хабарлауынша, Францияға (1:2) қарсы жолдастық кездесуден кейін оның сан бұлшық еті сыр беріпті. Осыған байланысты соңғы жаттығу қатыспаған екен. Салдарынан Винисиус 1 сәуірге жоспарланған Хорватиямен ойыннан тыс қалуы мүмкін.

25 жастағы бразилиялық вингер осы маусымда клуб сапында 43 матчта 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram