29.03.2026 12:22

Палмер «Челсиден» кеткісі келеді

29.03.2026 12:22

«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер клуб ауыстыруы мүмкін

The Sun хабарлауынша, Коул «Челси» тактикасының өзгергеніне қапалы. Оның ойынша жаңа тактика өзін алаңда еркін көсілуіне кедергі жасайды. Одан бөлек Лондон қаласы оған жақпайды екен.

Қазіргі таңда Палмерге «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Бавария» қызығушылық танытып отыр. Коулдың өзі «Манчестер Юнайтедке» ауысуды қалайды. Ол туған қаласы Манчестерге оралып, бала кезден жанкүйер болған «қызыл сойқандардың» сапында ойнағысы келеді.

23 жастағы ағылшын жартылай қорғаушысы «Челсиге» 2023 жылы «Манчестер Ситиден» 47 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 25 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram