25.03.2026 14:21
Винисиус «Реалмен» келісімшартты ұзартуға жақын
25.03.2026 14:21
«Реал» дүлдүлі Винисиус Жуниор клубта ұзаққа қалады

Николо Скираның хабарлауынша, ол «бланкоспен» келісімшартты ұзартуға жақын. Жаңа келісім 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады.
25 жастағы бразилиялық вингер Мадрид клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 43 матчта 17 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді.