25.03.2026 14:02
Шлоттербек «Реалға» ауыспайды
25.03.2026 14:02
«Боруссия» қорғаушысы Нико Шлоттербек клубта біразға қалады

Маттео Мореттоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуға жақын.
Осыған дейін Никоға Мадридтің «Реалы» қызығушылық танытқаны туралы көптеген сыбыстар тараған еді.
26 жастағы неміс ойыншысы Дортмундтың командасына 2022 жылы «Фрайбургтан» 20 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 30 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.