25.03.2026 13:36
Эзенің жағдайы белгілі болды
25.03.2026 13:36
«Арсенал» жартылай қорғаушысы Эберечи Эзенің жағдайы белгілі болды

27 жастағы англиялық ойыншы Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясындағы «Байерге» (2:0) қарсы қарымта матчта балтыр бұлшық етін зақымдап алып, соңғы «Манчестер Ситимен» (0:2) ойынға қатыспай және Англия құрамасына бармаған еді.
Осыған байланысты ол шамамен 4-6 апта командасына көмектесе алмайды екен. Бірақ келер аптада тағы медициналық тексерістен өтеді, соның нәтижесінде нақты қашан оралатыны белгілі болады.
Эзе осы маусымда 43 матчта тоғыз гол соғып, алты нәтижелі пас берді.