25.03.2026 08:45

«Ливерпуль» Салахтың орнына футболшы тапты

25.03.2026 08:45

«Бавария» вингері Майкл Олисе «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Indykaila News хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы оны біраздан бері бақылап жүр және жазда командадан кететін Мұхамед Салахтың орнына қарастырып отыр.

Салах 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартты мезгілінен бұрын бұзады. Осылайша «қызылдар» келесі маусымнан бастап жазға дейін аптасына 450,000 фунт стерлинг үнемдейді. Бұл қаржыны клуб Олисенің трансферіне салмақ.

Олисе осы маусымда 39 матчта 16 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді. Ал Салах кеше, 24 наурызда маусым аяқталысымен «Ливерпульден» кететінін хабарлады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram