25.03.2026 08:22

Энцо Фернандеске «Әл-Иттихад» көз тікті

25.03.2026 08:22

«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес мансабын Сауд Арабиясында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Энцо үшін таласқа «Әл-Иттихад» қосылды. Саудияның клубы 25 жастағы аргентиналық ойыншыға көз тігіп отырған ПСЖ және «Реалмен» бақ сынасып көрмек.

Ал футболшының өзі Мадридтің клубына ауысуды қалап тұр. Бұл оның «арманындағы трансфер» екен, бірақ әлі нақты шешім қабылдамады.

Лондонның клубы Энцоны 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 46 матчта 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram