25.03.2026 00:37

Салах «Ливерпульден» кетеді

25.03.2026 00:37

Мұхамед Салах «Ливерпульден» кетеді

33 жастағы мысырлық вингер 2027 жылдың 30 маусымында аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.

Мерсисайдтың клубы оны 2017 жылы «Ромадан» 42 миллион еуроға сатып алған еді. Ол содан бері 435 матчта 255 гол соғып, 122 нәтижелі пас берді. Осы аралықта командамен Англияның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.

Салах осы маусымда 34 матчқа қатысып, 10 гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram