25.03.2026 13:22
Мбаппенің жарақат алуына дәрігерлер кінәлі
25.03.2026 13:22
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе дәрігерлердің кесірінен жарақатпен ойнаған

Мадрид клубының мамандары алғашында Килианның сау, яғни ешқандай жарақат болмаған оң тізесін тексеріп, алаңға шығуына рұқсат берген. Нәтижесінде Мбаппе солай үш матчқа қатысып, зақымдалған сол тізесін одан сайын асқындырып алыпты.
Осыған байланысты Килиан қаңтар-ақпан айларында командасына көмектесе алмады.
27 жастағы француз форварды осы маусымда 35 матчта 38 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.