25.03.2026 09:04
Кварацхелия Грузия капитаны атанды
25.03.2026 09:04
ПСЖ вингері Хвича Кварацхелия Грузия Ұлттық құрамасының капитаны атанды

Ол халықаралық футболдағы мансабына нүкте қойған Гурам Кашияның орнын басты.
Хвича капитан ретінде команданы алғаш рет 26 наурыз күні Израильге қарсы жолдастық кездесуде бастап шығады. Одан кейін гүржілер 29 наурызда Литвамен ойнайды.
Кварацхелия Ұлттық құрамада 2019 жылы дебют жасаған еді. Содан бері ел намысын 47 матчта қорғап, 20 гол мен 10 ассисттің авторы атанды.