24.11.2025 15:27

Винисиус клуб ауыстыруы мүмкін

24.11.2025 15:27

«Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор алдағы қыста клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Бразилия вингеріне «Челси» мен «Манчестер Сити» және Сауд Арабиясының бірқатар клубтары қызығушылық танытуда.

Ал 25 жастағы ойыншы Мадрид клубымен келісімшартты ұзарту жөнінде бір мәмілеге келе алмай жатыр екен.

Винисиус осы маусымда 17 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ол «Реал» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram