24.11.2025 12:13
Аллегри «Миландағы» 100-жеңісіне қол жеткізді
24.11.2025 12:13
Италия А Сериясының 12-турында «Милан» сырт алаңда «Интерді» 1:0 есебімен жеңді

Бұл бас бапкер Массимилиано Аллегридің «Милан» тізгініндегі 100-жеңісі болды.
Осылайша 58 жастағы жергілікті маман Карло Анчелотти, Нерео Рокко, Фабио Капелло, Стефано Пиоли, Нильс Лидхольм және Арриго Саккидің жетістігін қайталады.
Аллегри «россонериге» 30 мамыр күні оралған еді. Ал оған дейін клубты 2010-2014 жылдар аралығында жаттықтырған.
Айта кетейік, 12 ойыннан кейін 25 ұпай жинаған «Милан» Италия біріншілігінде екінші орында келеді.