24.11.2025 11:14
Сака «Арсеналда» қалады
24.11.2025 11:14
Букайо Сака «Арсеналда» қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 24 жастағы ағылшын вингері клубпен келісімшартын ұзартуға жақын. Жаңа құжат 2030 жылдың маусым айына дейін жарамды болады екен.
Келіссөздер аяқталуға жақын. Жуырда ресми хабарланды деп күтілуде.
Сака Лондон клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 278 ойында 76 гол соғып, 71 нәтижелі пас берді. Оның «Арсеналмен» қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.