24.11.2025 09:02

Месси тарихи нәтиже тіркеді

24.11.2025 09:02

«Интер Майами» «Цинцинаттиді» 4:0 есебімен жеңіп, MLS плей-офф кезеңінің жартылай финалына шықты

Бұл матчта Лионель Месси бір гол соғып, ассисттен хет-трик жасады. Осылайша 38 жастағы шабуылшы гол+пас жүйесі бойынша нәтижесін 1300-ге жеткізді.

Сондай-ақ Аргентина ойыншысы 1300 гол+пас берген тарихтағы алғашқы футболшы атанды.

Месси мансабында 896 гол соғып, 404 ассист жасаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram