24.11.2025 02:35
«Милан» «Интерден» басым түсті
24.11.2025 02:35
Италия А Сериясының 12-турында «Милан» «Интерді» тізе бүктірді

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесуде 1:0 есебі тіркелді. Жалғыз голды 54-минутта Кристиан Пулишич соқты. Сондай-ақ 74-минутта Хакан Чалханоглу пенальтиден мүлт кетті.
Осылайша 25-ұпайына қол жеткізген «Милан» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал еншісінде 24 ұпайы бар «Интер» төртінші орында келеді.
Келесі турда «Интер» «Пизамен» кездессе, ал «Милан» «Лациомен» ойнайды.