24.11.2025 02:19
«Реал» ұпай жоғалтты
24.11.2025 02:19
Испания Ла Лигасының 13-турында «Реал» сырт алаңда «Эльчемен» тең тарқасты

Эльчеде өткен кездесуде 2:2 есебі тіркелді. Мадрид клубында Дин Хёйсен мен Джуд Беллингем мергендік танытты. Ал алаң иелерінің сапында Алеиш Фебас пен Альфаро Родригес гол соқты.
Осылайша 32-ұпайын еншілеген «бланкос» турнир кестесінде көш бастады.
Хаби Алонсо шәкірттері келесі турда 30 қараша күні «Жиронаға» қонаққа барады. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында «Олимпиакоспен» ойнайды.