24.11.2025 00:34
«Атлетико» жеңіске жетті
24.11.2025 00:34
Испания Ла Лигасының 13-турында «Атлетико» сырт алаңда «Хетафеден» басым түсті

Хетафеде өткен кездесуде 0:1 есебі тіркелді. Матчтағы жалғыз голды Домингос Дуарте өз қақпасына соғып алды.
Осылайша 28-ұпайын еншілеген Мадридтің клубы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.
«Матрасшылар» келесі турда 29 қараша күні «Реал Овьедоны» қабылдайды. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында «Интермен» күш сынасады.