23.11.2025 21:52

Ван Дейк өз ойын білдірді

23.11.2025 21:52

Вирджил ван Дейк: «Біз сөзсіз Слотты жерге қараттық»

«Ливерпуль» капитаны Вирджил ван Дейк «Ноттингем Форесттен» АПЛ-дың 12-турында (0:3) өз алаңындағы матчта жеңілгеннен кейін бас бапкер Арне Слот туралы ойын бөлісті.

«Біз, сөзсіз, оны жерге қараттық. Өзімізді де төмен түсірдік. Алдымен өзімізді дұрыстауымыз керек. Содан кейін бір-бірімізге көмектесіп, осы бейберекеттіктен шығуға жәрдемдесу қажет. Құрдымға кетіп жатырмыз. Бұл – жай ғана шындық», – деді ван Дейк.

Осылайша еншісінде небәрі 18 ғана ұпайы бар қазіргі Англия чемпиондары турнир кестесінде 11-сатыға төмендеп кетті.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram