23.11.2025 21:33
Эван алғашқы голын соқты
23.11.2025 21:33
Эван Фергюсон «Ромадағы» алғашқы голын соқты

Шабуылшы Эван Фергюсон «Рома» сапындағы дебюттік голын соқты. «Кремонезе» командасымен өткен матчта 21 жастағы Ирландияның ойыншысы есепті еселеген еді. (1:3)
Ағымдағы маусымда Эван 12-ші матчын өткізіп жатыр. Голдан бөлек оның еншісінде бір нәтижелі пас бар.
Еске сала кетейік, Фергюсон 2025 жылдың жазында «Брайтоннан» «Ромаға» ауысқан еді.