23.11.2025 19:04

Педри «Челсиге» қарсы ойнай ма?

23.11.2025 19:04

«Барселона» жартылай қорғаушысы Педридің жағдайы белгілі болды

Diario AS хабарлауынша, 22 жастағы хавбек жарақатынан толық айықпады. Сондықтан бапкерлер штабы тәуекелге бармай, оған демалыс бермек. Испания ойыншысы алаңға «Алавес» не «Атлетикке» қарсы ойында оралуы мүмкін екен.

Осыған дейін Педри Эль-класикода (1:2) бұлшық етін зақымдап алып, салдарынан соңғы үш матчқа қатыспаған еді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 5-турындағы «Челси» – «Барселона» матчы 25 қараша күні өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram