23.11.2025 18:22
Перес «Негрейра ісі» жайлы ашық айтты
23.11.2025 18:22
«Реал» президенті Флорентино Перес «Барселонаның» қатысы бар «Негрейра ісіне» байланысты ашық пікір білдірді

– «Испаниядағы төрешілер деңгейін жақсы деуге келмейді. «Барселонаның» 17 жыл көлемінде төрешілер комитетінің вице-президентіне 8 миллионнан астам еуро төлегені де дұрыс емес. Қызметтегі адамға мұндай жараспайды. Бір қызығы, дәл осы аралықта «Барселона» Испаниядағы ең жарқын дәуірін өткізді»,– деді Перес.
Еске салсақ, «блауграна» 2001-2018 жылдар аралығында Хосе Мария Негрейраға пара берді деп айыпталған еді.