23.11.2025 17:28
Перес «Реал» туралы сөз қозғады
23.11.2025 17:28
Флорентино Перес: «Соңғы 15 маусымда “Реал” қол жеткізген нәтижелермен мақтануымыз керек»

«Реал» президенті Флорентино Перес клубтың соңғы жылдардағы жетістіктеріне пікір білдірді.
«Біз Халықаралық кубокты және УЕФА Суперкубогын жеңіп алдық. Соңғы 15 маусымда клубтың жеткен жетістіктерімен мақтануымыз керек. 30 жүлде. Бірақ біз талаптардың қаншалық жоғары екенін жақсы білеміз», – деді Перес.
Клуб президентінің қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Дегенмен бұл тұлғаның жасары мен айтары көп секілді.