23.11.2025 17:20
Жұрт оны жас Месси деп атайды
23.11.2025 17:20
17 жастағы «Бавария» ойыншысы Карл: «Месси – мен үшін үлгі»

«Баварияның» жартылай қорғаушысы Леннарт Карл өзін Лионель Мессимен салыстыру туралы пікірін бөлісті. Әлі еңбек ету керек екенін жеткізді.
«Әрине, адамдар мені Мессимен салыстыруы мүмкін. Бұл туралы көп айтылады. Бірақ шын мәнінде өзімді онымен салыстыра алмаймын. Месси – ең биікте. Ал маған әлі ұзақ жол жүру керек. Месси – мен үшін үлгі. Егер осы қарқынды сақтасам, оның деңгейіне жете аламын. Бірақ әзірге өзімді Мессимен салыстыра алмаймын, бұл мүлде басқа нәрсе» – деді Карл.
17 жастағы неміс футболшысы осы маусымда 15 матчта 3 гол соғып, 2 ассист жасады.