23.11.2025 12:55
Левандовски «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
23.11.2025 12:55
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын Түркияда жалғастыруы мүмкін

AS хабарлауынша, поляк ойыншысына «Фенербахче» қызығушылық танытуда.
Ыстамбұлдың клубы Робертке үш жылдық келісімшарт ұсыныпты. Алайда 37 жастағы форвард мұны қабылдамаған. Енді «Фенербахче» 2029 жылға дейін жарамды ұсыныс жолдауды жоспарлап отыр.
Левандовски Ла Лиганың осы маусымында 10 ойынға қатысып, сегіз гол соқты.