23.11.2025 17:28
Винисиус «Реалмен» келісімшартын ұзартады
23.11.2025 17:28
Винисиус Жуниор «Реалда» қалатын болды

AS мәліметінше, қос тарап келісімшартты ұзарту жөнінде толық келісімге келді. Жаңа құжат ұзақ мерзімге жарамды болады екен.
25 жастағы ойыншы Мадрид клубынан кетуді мүлде ойламапты. Сондай-ақ «бланкос» басшылығы да Бразилия вингеріне үміт артып отыр.
Винисиус осы маусымда 12 ойында бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісім 2027 жылдың 30 маусымында күшін жояды.