23.11.2025 17:37

Лапорта: «Челсиге» қарсы ойын оңай болмайды

23.11.2025 17:37

Жоан Лапорта: «Лондонда біз жеңуіміз керек, бірақ бұл оңай емес»

«Барселона» президенті Жоан Лапорта Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі 5-турда өтетін «Челсиге» қарсы матч туралы пікір білдірді.

«Лондонда біз жеңіске жетуіміз қажет. Бірақ бұл оңай болмайды. Біздің командамыз өте мықты. Осы матчқа дейін тағы қандай ойыншыларымыз қатарға оралатынын білмеймін. Рафинья «Атлетикке» қарсы ойында жарақаттан кейін оралды және алаңға шыққан бойда гол соғуға бірден жақын болды. Ал «Челси» - өте теңгерімді команда. Егер біз өз футболымызды көрсете алсақ, онда бізде көп мүмкіндік болады», – деді Лапорта.

Айта кетейік, «Барселона» 26 қараша күні Чемпиондар лигасында «Челсиге» қонаққа барады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram