23.11.2025 20:54

«Рома» сенімді жеңіске жетті

23.11.2025 20:54

Италия А Сериясының 12-турында «Рома» сырт алаңда «Кремонезеден» басым түсті

Кремонада өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Римнің клубында Матиас Суле, Эван Фергюсон және Уэсли Франса мергендік танытты. Сондай-ақ Лоренцо Пеллегринидің голы офсайд деп танылып, есепке алынбады.

Осылайша 27-ұпайына қол жеткізген «джалоросси» турнир кестесінде көш бастады.

Джан Пьеро Гасперини шәкірттері келесі турда 30 қараша күні «Наполиді» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Еуропа лигасында «Мидтьюлландпен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram