23.11.2025 23:21
«Арсенал» «Тоттенхэмді» ойсырата жеңді
23.11.2025 23:21
Ағылшын Премьер-лигасының 12-турында «Арсенал» өз алаңында «Тоттенхэмді» бет қаратпай жеңді

Солтүстік Лондон дербиінде 4:1 есебі тіркелді. «Зеңбірекшілер» сапында Эберечи Эзе хет-трик жасаса, Леандро Троссард бір гол соқты. Ал «Тоттенхэмнің» жалғыз добын Ришарлисон тоғытты.
Осылайша 29-ұпайын олжалаған «Арсенал» турнир кестесінде топ бастады.
Микель Артета шәкірттері келесі турда 30 қараша күні «Челсиге» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Баварияны» қабылдайды.