23.11.2025 22:03
Барнс тарихи нәтиже тіркеді
23.11.2025 22:03
Барнс – «Манчестер Ситидің» қақпасына дубль жасаған алғашқы ойыншы

«Манчестер Сити» АПЛ-дың 12-туры аясындағы сырт алаңдағы кездесуде «Ньюкаслдан» 1:2 есебімен жеңілді. Барнстың дубліне қонақтар тек Диаштың дәл соққысымен ғана жауап бере алды.
27 жастағы ағылшын футболшысы - 2003 жылдың қарашасынан бері «Ньюкасл» сапындағы АПЛ матчында «Манчестер Ситидің» қақпасына дубль жасай алған бірінші ойыншы. Бұған дейін «МС» қақпасына қос гол соғу Алан Ширердің қолынан келген еді. Бұл оқиғаға да 22 жыл болған.
«Ньюкасл» қазіргі таңда 15 ұпаймен 14-орында келеді. Енді 29 қараша күні сырт алаңда «Эвертонмен» бақ сынасады.