24.11.2025 10:10

Коке «Атлетикодағы» 700-матчын өткізді

24.11.2025 10:10

«Атлетико» капитаны Коке ерекше нәтиже тіркеді

Испания жартылай қорғаушысы Ла Лиганың 13-турында «Хетафеге» (1:0) қарсы 59 минут ойнады. Бұл оның Мадрид клубындағы мерейлі 700-матчы болды.

Коке «Атлетико» намысын 2009 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 48 гол соғып, 121 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 13 матчтан кейін 28 ұпай жинаған «матрасшылар» ішкі біріншілікте төртінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram