24.11.2025 10:59
АПЛ-дегі 400-ші хет-трик тіркелді
24.11.2025 10:59
Ағылшын Премьер-лигасының 12-турында «Арсенал» «Тоттенхэмді» 4:1 есебімен жеңді

Солтүстік Лондон дербиінде «зеңбірекшілердің» үш голын Эберечи Эзе соқты.
Осылайша бұл Ағылшын Премьер-лигасының тарихындағы 400-хет-трик болып тіркелді.
Сондай-ақ 27 жастағы жартылай қорғаушы «Арсенал» мен «Тоттенхэм» арасындағы текетіресте хет-трик жасаған Тед Дрейк (Арсенал, 1934), Терри Дайсон (Тоттенхэм, 1961) және Алан Сандерлендтің (Арсенал, 1978) қатарына қосылды.
Айта кетейік, Эзе осы маусымда 18 ойында бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.