24.11.2025 11:45

Ағылшын Премьер-лигасын кім жеңеді?

24.11.2025 11:45

Opta суперкомпьютері 12-турдан кейін Ағылшын Премьер-лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» бастап тұр. «Зеңбірекшілердің» чемпион атану мүмкіндігі 76.14%-ды құрайды.

Екінші орынға «Манчестер Сити» жайғасса (14.11%), үшінші сатыға «Челси» (3.46%) табан тіреді. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында «Ливерпуль» (2.42%) мен «Астон Вилла» (1.57%) бар.

Турнир кестесінде 29 ұпай жинаған «Арсенал» бірінші келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram