24.11.2025 14:48
«Ливерпуль» ПСЖ сұрмергеніне 160 млн еуро ұсынбақ
24.11.2025 14:48
ПСЖ жартылай қорғаушысы Жоау Невеш ат басын Англияға бұруы мүмкін

Fichajes мәліметінше, 21 жастағы хавбекке «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр. Мерсисайдтың клубы Португалия құрамасының ойыншысы үшін 160 миллион еуро жұмсауға дайын екен.
Егер ауысым жүзеге асса, бұл «Ливерпуль» тарихындағы ең қымбат трансфер болмақ. Қазіргі рекорд өткен жазда «Ньюкаслдан» 145 миллион еуроға келіп қосылған Александер Исакқа тиесілі.
Айта кетейік, Жоау Невеш – ПСЖ-ның осы маусымдағы үздік сұрмергені. Ол тоғыз ойынға қатысып, алты гол соқты.