03.10.2025 15:54
Винисиус арзандап қалды
03.10.2025 15:54
Transfermarkt порталы Ла Лига ойыншыларының нарықтағы құнын жаңартты

Нәтижесінде «Реал» дүлдүлі Винисиус Жуниордың бағасы 170 млн еуродан 150-ге түсіп қалғаны белгілі болды.
Сондай-ақ Мадрид клубының тағы бір жұлдызы Родригоның құны да 90-нан 80 млн еуроға құлдырады.
Transfermarkt нұсқасы бойынша Ла Лигадағы ең қымбат 10 футболшы:
Ламин Ямаль – 200 млн еуро
Килиан Мбаппе – 180 млн
Джуд Беллингем – 180 млн
Винисиус Жуниор – 150 млн
Педри – 140 млн
Федерико Вальверде – 130 млн
Хулиан Альварес – 100 млн
Рафинья – 90 млн
Пау Кубарси – 80 млн
Родриго – 80 млн.
Испания біріншілігінің жеті турынан кейін 19 ұпай жинаған «Барселона» турнир кестесінде көш бастап тұр.