18.09.2025 18:20

Винисиус саудиялық клубқа ауысуы мүмкін

18.09.2025 18:20

Винисиус Жуниор ат басын Сауд Арабиясына бұруы мүмкін

Экрем Конурдың мәліметінше, бразилиялық шабуылшыға «Әл-Хиләл» 100 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын екен.

Осыған дейін Винисиустың «Марсельге» (2:1) қарсы ойында негізгі құрамнан шет қалғаны үшін Хаби Алонсомен сөзге келіп қалғаны белгілі болған еді.

Винисиус «Реал» намысын 2018 жылдың шілде айынан бері қорғап келеді. «Бланкос» сапында жалпы 327 матч өткізіп, 108 гол соғып, 84 нәтижелі пас берген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram