24.01.2026 12:53
Виктор Мозес Қызылордаға келді
24.01.2026 12:53
Виктор Мозес «Қайсар» ойыншысы атануға жақын

35 жастағы нигериялық вингер келісімшартқа қол қою үшін Қызылордаға келді. Бүгін, 24 қаңтар сағат 16:30-да «Kaysar Arena» стадионында оны ресми таныстыру рәсімі өтеді.
Мозестің соңғы клубы «Лутон Таун» болды. Ол оған дейін «Спартак», «Челси», «Интер», «Фенербахче», «Вест Хэм», «Сток Сити», «Ливерпуль», «Уиган» және «Кристал Пэласта» ойнаған.
Виктор «Челсимен» 2016/17 жылғы маусымда Англия чемпионы атанып, Еуропа лигасын (2012/13, 2018/19) екі рет жеңіп алды. Одан бөлек Нигерия құрамасында 38 матчта 12 гол соғып, бес нәтижелі пас берген.