24.01.2026 12:25

Эн-Несири «Ювентуске» ауысуға жақын

24.01.2026 12:25

«Фенербахче» шабуылшысы Юссеф Эн-Несири «Ювентуске» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Туриннің клубы 28 жастағы марокколық шабуылшыны бес миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен жалға алады. Бұған «Фенербахче» де келісіп отыр. Трансфер осы аптаның соңында ресми хабарланады деп күтілуде.

Сондай-ақ Юссефке «Эвертон» да ұсыныс жасаған екен, бірақ оны қабылдамапты.

Эн-Несири осы маусымда 25 матчта сегіз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram