24.01.2026 12:07
Димарко рекорд орнатты
24.01.2026 12:07
Италия А Сериясының 22-турында «Интер» «Пизаны» 6:2 есебімен жеңді

Бұл матчта Милан клубының ойыншысы Федерико Димарко бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осылайша ол ішкі біріншіліктегі ойында үш голдың соғылуына септігін тигізген «Интер» тарихындағы алғашқы қорғаушы атанды.
28 жастағы Димарко осы маусымда 28 матчта бес гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.