23.01.2026 21:05
«Арсенал» ойыншысы «Марсельге» ауысты
23.01.2026 21:05
Итан Нванери «Арсеналдан» «Марсельге» ауысты

«Олимпик» 18 жастағы жартылай қорғаушыны маусым соңына дейін жалға алды. Бірақ сатып алу құқығы да, мүмкіндігі де қарастырылмады. Сондықтан Итан маусым айында Лондонға оралады.
Оның жалақысы мен жалға алу құны шамамен төрт миллион еуроны құрайды екен.
Нванери осы маусымда 12 матчқа қатысып, бір гол соқты.