23.01.2026 18:33
«Ливерпуль» ойыншысы «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін
23.01.2026 18:33
«Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон «Тоттенхэмге» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы Бен Дэвистің жарақат алуына байланысты Робертсонды осы қыста қатарына қосқысы келеді. Қос тарап қазір келіссөз жүргізіп жатыр екен.
31 жастағы Шотландия ойыншысы Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 21 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді