23.01.2026 18:10

Абрахам АПЛ-ге оралады

23.01.2026 18:10

«Бешикташ» шабуылшысы Тэмми Абрахам «Астон Виллаға» оралады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бірнеше күн бұрын ауызша келісімге келіп қойды. Трансфер құны қосымша төлемдерді есептемегенде 21 миллион еуроны құрайды. Қазір Бирмингем клубының өкілдері құжаттардың шаруасымен Ыстамбұлда жүр екен.

Айта кетейік, Абрахам бұған дейін «Астон Вилла» намысын 2018/19 жылғы маусымда қорғаған еді. Ол одан бөлек «Рома», «Милан», «Челси» секілді белгілі клубтарда ойнаған. Ал осы маусымда 26 матчта 13 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram