23.01.2026 16:02

«Арсенал» ойыншысымен келісімшартты ұзартады

23.01.2026 16:02

«Арсенал» қорғаушысы Юрриен Тимбер клубта қалады

Николо Скираның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 не 2031 жылға дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бас бапкер Микель Артета Тимбердің клубта болуын қалайды екен. Юрриеннің өзі де жаңа құжатқа қол қоюға дайын.

24 жастағы Нидерланд құрамасының қорғаушысы «зеңбірекшілердің» намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 31 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді. «Арсенал» мен Тимбер арасындағы қазіргі келісім 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram