23.01.2026 15:40
Унаи Эмери рекорд орнатты
23.01.2026 15:40
УЕФА Еуропа лигасының 7-турында «Астон Вилла» сырт алаңда «Фенербахчені» 1:0 есебімен жеңді

Бұл Бирмингем клубының бас бапкері Унаи Эмери үшін турнирдегі 100-жеңісі болды. Осылайша ол бұл межені бағындырған тарихтағы алғашқы бапкер атанды.
Эмери бұған дейін Еуропа лигасында төрт рет чемпион атанған. Нақтырақ айтсақ, «Севилья» (2013/2014, 2014/2015, 2015/2016) тізгінінде үш және «Вильярреал» (2020/21) жетекшісі ретінде бір мәрте топ жарған.