23.01.2026 12:10

Роналду келесі жылы мансабын аяқтауы мүмкін

23.01.2026 12:10

«Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду келер жылы мансабын аяқтауы мүмкін

Бен Джейкобстың хабарлауынша, 40 жастағы португалиялық жұлдыз 2027 жылдың жазында «Әл-Насрден» кетіп, футболмен қош айтысады.

Ол бутсасын шегеге ілген соң, «Әл-Насрдың» 15% үлесін иеленіп, клуб қожайындарының қатарына қосылуы мүмкін екен.

Роналду «Әл-Наср» сапына 2023 жылы қосылған еді. Оған дейін «Манчестер Юнайтед», «Ювентус», «Реал» және «Спортингте» ойнаған. Криш мансабында жалпы саны 960 гол соғып тастады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram