23.01.2026 11:40

Анчелотти Бразилиямен келісімшартты ұзартады

23.01.2026 11:40

Бразилия бас бапкері Карло Анчелотти құрамада қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «селесао» 66 жастағы италиялық маманның жұмысына дән риза. Сондықтан оған 2030 жылдың соңына дейін жарамды болатын жаңа келісімшарт ұсыныпты. Анчелотти жақын арада шешім қабылдайды екен.

Карло құраманы мамыр айында тізгіндеген еді. Содан бері команда төрт рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, екі ойында қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, Бразилия алдағы Әлем чемпионатында Гаити, Шотландия және Мароккомен С тобында ойнайды. АҚШ, Канада және Мексикада болатын мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram