23.01.2026 09:59

«Челси» «Ювентус» ойыншысына көз тікті

23.01.2026 09:59

«Ноттингем Форестте» жалда ойнап жүрген «Ювентус» жартылай қорғаушысы Дуглас Луис «Челсиге» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Лондонның клубы 27 жастағы бразилиялық ойыншыны осы қыста маусым соңына дейін жалға алғысы келеді. Бірақ сатып алу құқығы да, мүмкіндігі де қарастырылмайды екен.

Осыған дейін Луистің «Астон Виллаға» ауысуы мүмкін екені хабарланған еді. Бірақ мұны Фабрицио Романо жоққа шығарды.

Дуглас Луис осы маусымда 14 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram