22.01.2026 21:51
Чемпиондар лигасының үздіктері аталды
22.01.2026 21:51
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің жетінші турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан символикалық құрама жасақталды
UEFA бақылаушылары оған 11 түрлі клубтың ойыншысын қосты:
Қақпашы: Константинос Дзолакис («Олимпиакос»);
Қорғаушылар: Элвин Джафаргулиев («Қарабах»), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»), Йостейн Гундерсен («Будё/Глимт»), Педро Порро («Тоттенхэм»);
Жартылай қорғаушылар: Кефрен Тюрам («Ювентус»), Винисиус Жуниор («Реал»), Роберт Наварро («Атлетик»), Фермин Лопес («Барселона»), Джулиано Симеоне («Атлетико»);
Шабуылшылар: Луис Суарес («Спортинг»).

Айта кетейік, турдың «үздік ойыншысы» марапатын «Монакоға» (6:1) қарсы ойында бір гол соғып, үш ассист жасаған жасаған «Реал» вингері Винисиус Жуниор жеңіп алған еді.