22.01.2026 17:40
Педри қатардан шықты
22.01.2026 17:40
«Барселона» жартылай қорғаушысы Педри жарақат алды

23 жастағы испаниялық ойыншы «Славияға» (4:2) қарсы матчта оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен бір ай көлемінде командасына көмектесе алмайды.
Бұл оның мансабындағы 15-жарақаты болды. Осыған дейін 579 күні емделуге кетіп, 104 матчтан тыс қалған.
Ал осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.